Қазалыда той жасаған тұрғынға айыппұл салынды

715

0

Аудандағы эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты аудан әкімдігінің жанынан құрылған мобильдік топ күнделікті рейдке шығып, той жасаған тұрғындарды анықтауда.

Мобильдік топ бүгінгі күнге дейін той жасап, қыз ұзатқан бірнеше тұрғындарды анықтап, айыппұл салды. Адамды көп жинауды арты жақсылыққа апармайтынын айтып, қанша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соған қарамастан ауданда той жасаушылардың қатары азаймай тұр.

Бүгін карантин талаптарын сақтамай той жасаған Әйтеке би кентіндегі үй иесіне аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Той жасаған үй иесін мобильдік топ сенбі күні, яғни, 25 шілдеде анықтаған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<