Қазалы ауданаралық ауруханасында заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған оттегі станциясы ашылды. Бұл – аудандар арасында алғашқы болып ашылған станция. Ендігі жерде дәрігерлер оттегі тапшылығын сезінбейді. Сондай-ақ, станция арқылы көршілес Арал, Қармақшы ауданы және Байқоңыр қаласына оттегі жіберуге мүмкіндік бар.
Мамандардың айтуынша, бұл жабдық – техника қауіпсіздігі толық ескеріліп, автоматтандырылған заманауи құрылғы. Станция сағатына 40 текше метр оттегі шығарады. Шамамен сағатына 6 баллон, тәулігіне 120 баллон өндіреді. Оттегінің тазалығы 99,5%, яғни медициналық талапқа сай. Станцияның ашылуына «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ демеушілік жасаған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<