Қазалыдан Байқоңырға жеткен дәм

532

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Бүгін көршілес жатқан Байқоңыр қаласының орталығында жәрмеңке өтіп, Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдері тұрғындарға ұсынылды.

Нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен ұсынылған Қазалы өнімдеріне келушілердің қарасы қалың болды.

Мәселен, Қазалының брендіне айналған “Қазалы” кәмпиті, “Қазалы” сабыны секілді түрлі өнімдер мен тұрмыстық заттар сөрелерге шығарылып, дүйім жұртқа қол жетімді бағада ұсынылды.

Өз ризашылықтарын білдірген байқоңырлықтар осындай жәрмеңкелерді көптен ұйымдастырылып тұрса екен деген ұсыныстарын жеткізді.

Жәрмеңге Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай арнайы келіп, жәрмеңкенің жағдайымен танысты.

Айта кетейік, жәрмеңкеге барлығы 20 көлік, 60 тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдері жеткізілді.

@ Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<