Қазалы ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарына дауыс беру қыза түсті. Ғани Мұратбаев ауылындағы «РЗА-Агро» ЖШС диқандары да саяси додада белсенділік танытып, өз таңдауларын жасады.
№64 сайлау учаскесіне келген серіктестік егіншілеріне учаске төрағасы Дархан Алдабергенов естелік сыйлықтар табыс етті.
Диқандар қауымының да сайлауға атсалысуы – саяси белсенділіктің жоғары екенінің көрінісі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<