Қазалылық оқушылар топ жарды

460

0

«Ел іші – өнер кеніші». Қазыналы Қазалы өңірінде өнерімен көпшілікті тамсандырып жүрген саңлақтар аз емес. Қасиетті Рамазан айы аудан жұртшылығы үшін сүйінші хабармен басталды.  Міне, жаңа ғана Алматы қаласынан тағы бір жағымды жаңалық жетті. Бұл жолы Әйтеке би кенттіндегі С.Сефуллин атындағы №165 орта мектептің 5 «В» сынып оқушыларынан құралған хор «Ана туралы жыр» халықаралық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша«Бас жүлдені» иеленді. Талғамы жоғары көрерменнің көңілінен табылу оңайға соқпасы анық. Бұл іргелі ұжымның жалықпай ізденісі мен жұдырықтай жұмылған ауызбіршілігінің жемісі.

«Қуанышты бөліссең көбейеді». С.Сефуллин атындағы №165 орта мектеп директоры Қымбат Сермаханды, сынып жетекшісі Эльвира Базарбайды, хор жетекшісі Нағима Қарымсақованы, оқушылар мен ата-аналарды, мектеп ұжымын жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз асқақ болсын!

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ,

Қазалы ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<