Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу мәресіне жақындап қалды. Бұл – ұлағатты ұстаздардың сан жылғы еңбегінің жемісін көрер шақ. Шәкірт пен ата-ана үшін толғанысты сәт.
Бүгінгі күнге дейін оқушылары 100 балдан жоғары жинаған мектептер туралы ақпараттар жариялануда. Тестілеудің соңғы күндерінің нәтижесінде де жүздеген оқушы 100 балдан жоғары жинап, ұстаздары мен ата-аналарының үкілі үмітін ақтады. Ал кеше өңір бойынша ең жоғары балл Қазалы ауданында тіркелді.
Нақтырақ айтар болсақ, Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектептің түлегі, «Алтын белгі» иегері Нұрболат Жұбатқан 139 балл жинады. Талапкерге сәттілік тілейміз.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<