Қазалылық үшемдер өз таңдауын жасады

481

0

Қазалы қаласында тұратын үшемдер Дариға, Әлия, Динара Шәкірлер саяси науқанда өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне ерте келді.

Олар Қазалы аграрлы-техникалық колледжінде орналасқан №66 сайлау учаскесінде дауыс берді. Бір-бірлерінен ешқашан ажырамаған олар өз таңдауларын жасауға да бірге келген.

Қазалылық үшемдер өз таңдауын жасады

– Әрбір саяси науқанды құр жібермейміз, міндетті түрде келіп дауыс береміз. Біздің жасаған таңдауымыз, берген дауысымыз еліміздің болашағы үшін маңызды, – дейді үшемдер.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Арман Мусаев үшемдерге арнайы сый-сияпат тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<