ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұлағатты ұстаз, «Сыр қойнауы» бағдарламасының авторы, филиалдың білікті тренері Мария Айтбайқызы Орманованың 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық апталық аясында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың Coworking залында «Қазақ әдебиетіндегі мұғалім бейнесі» атты ойталқы кездесу өтті.
Ойталқының мақсаты – пән мұғалімдеріне ең үздік қазақжазушыларының шығармаларын насихаттау арқылы нағыз ұстаз дәрежесіне көтерілудің жолдары мен мамандыққа деген қызығушылықтың қайнар көздерін талдау, классикалық және қазіргі заманауи әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін ояту, оқу мәдениетін қалыптастырып, жетілдіру және кітап оқуды ілгерілетуге тарту.
Кездесуде оқырмандар М.Иманжановтың «Алғашқы айлар» және З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім» шығармалары негізінде кең ауқымды талқылау жүргізді.
Талқылауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандары, Қызылорда қаласы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері, М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенттері қатысты.
Ойталқы модераторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы, ф.ғ.к. Айман Айтбаева қорытындылауда жас мамандардың кәсіби қалыптасуы жағдайында мамандықтарға бағдарланған әдеби кітаптарды талдау арқылы рухани таным дүниесінің дамуымен қатар, өздеріне бай өмірлік тәжірибе жинақтауына мол мүмкіндік туатыны жайында ой түйіндеді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<