Қазақ көші туралы фильм көрсетілімі

820

0

«Ұлы дала зары» фильмінің премьерасы Алматыда көрсетіліп, әрі қарай Түркия елінде жалғасты. Бұл фильмде қазақ көші кешкен  қасірет суреттеледі. Ыстамбул қаласы Зейтінбурны ауданындағы Орталық мәдениет сарайында фильм көрсетілімі өтті. Қазақстанның Ыстамбулдағы Бас консулы Әлім Байел, Зейтінбурны ауданы әкімі Өмер Арысой сөз сөйледі.

Фильмде ашаршылықтың шынайы көріністерін жеткізген автор мен режисердің кәсіби шеберлігіне көрермендер риза болды.                 

«Ұлы дала зарын» тамашалауға қазақ-түрік қоғамының мүшелері, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Анадолы еліндегі өкілі Ержан Уәйіс, «Би-Би-Си» радиостанциясындағы Қазақ тілшісі Бешір Жаналтай, «Тұран универсал халықаралық кино продюсерлік» компаниясының директоры Өмер Тәйжі қатысты.

Бұл іс-шараны Ыстамбул мәдениет басқармасы және Қазақ-түрік мәдени, ағарту-білім зерттеу қоғамының төрағасы Ертолқын Гейратуллах ұйымдастырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<