Қазақ өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімов – 86 жаста

632

0

Бүгін қазақтың белгілі актері, театр және кино режиссері, сценарист, ұстаз Асанәлі Әшімов 86 жасқа толды деп хабарлады turkystan.kz.

Асанәлі Әшімов – 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т. Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<