«Қазақфильм» киностудиясында өрт болды

686

0

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ғимаратында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қзметіне сілтеме жасап.

«28 мамыр күні сағат 12.22-де Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы, 176 мекенжайындағы «Қазақфильм» АҚ-да декорациялар дайындайтын ағаш цехінде жұмыс үстелдері, құрал-саймандар мен терезе жақтаулары жанып кетті. От шарпыған аумақ – шамамен 10 шаршы метр. Жалынның таралуы 12.40-та оқшауландырылып, 12.42-де толығымен ауыздықталды.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – делінген ТЖД ақпаратында.

Мәлім етілгендей, өрттің таралу қаупі болған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<