Қазақстан алмасы Ресейге эспортқа шығарылды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Достар, бүгін тағы бір маңызды экспорттық тауар – қазақстандық бақтарда өсірілген дәмді алма туралы айтқым келеді. Биылғы жылы экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, «Arnau Agro» ЖШС-ның алмаларын Ресейге жеткізуді бастау мүмкіндігі туды. Алғашқы партиялардың бірі қазір Новосібірге жеткізілді және өнім жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Бұл алмаларды экспорттауда мемлекеттік қолдау құралдары үлкен рөл атқарғанын атап өткім келеді», – дейді министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<