Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында деген ақпарат жалған – Ұлттық статистика бюросы

400

0

Фото: Қ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 2-орында делінген ақпарат жалған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті.

«Қазақстан ажырасу жиілігі бойынша 4,6 коэффициентпен Мальдивтан кейінгі екінші орында тұр», – делінген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Айта кетерлігі, жалған ақпараттың басты дереккөзі – worldpopulationreview.com сайтындағы мақала. 2022 жылдың қорытындысында ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 2,27-ні құрады. 2020 және 2021 жылдармен (тиісінше 2,56 және 2,54) салыстырғанда коэффициенттің төмендеуі байқалады. 2023 жылдың қорытынды деректері сәуір айының соңында жарияланады», – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Ұлттық статистика бюросы мақала авторына әлемдік ресурста қате деректің таралғаны туралы хат жіберген. Сонымен қатар бюро ресми дереккөздерге сүйенуді, таратылған деректерді қайтадан тексеріп алуды өтінеді.

Бұған дейін ranking.kz сайтына сілтеме жасап ажырасу жиілігі бойынша Қазақстан Мальдив аралдарынан кейінгі орында тұрғанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<