Қазақстан биыл қай елдерге астық экспорттайды

650

0

Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров биыл Қазақстан қай елдерге астық экспорттайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы астықтың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Қазіргі кезде 11,5 млн тонна бастырылды», – деді министр. Сонымен қатар баспасөз мәслихатында биылғы маркетингілік жылда қанша астық экспортталатыны туралы сұрақ қойылды. Сапархан Омаровтың айтуынша, биыл астық эквивалентінде 7-8 млн тонна көлемінде астық пен ұн экспортының әлеуеті болады. «Экспорт бағытында біздің негізгі серіктес елдер қамтылады, яғни Өзбекстан, Тәжікстан, Қығызстан, Түрікменстан, Ауғанстан мен Иран мемлекеттеріне тасымалданады. Қытайға қарай астық пен ұн экспорты көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Жоғарыда аталып өткендей, биыл 18 млн тонна астық жиналса, осы көлемнің тиісті бөлігі осы нарықтарға бағытталады», – деді ведомство басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<