Қазақстан бойынша 2,4 млн адам ревакциналаудан өткен

750

0

Қазақстан бойынша екпе алуға тиісті халықтың 52,6 пайызы ревакциналаудан өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.

«Осы айда инфекциялық төсектердің қамтылуы 38%-дан 17%-ға дейін немесе 2,2 есе, реанимациялық төсектердің қамтылуы 20%-дан 14%-ға дейін немесе 6% төмендеді. Бүгінгі таңда ересек халықтың 82,1%-ы коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентін алды. Бұл Қазақстан халқының 53,4%-ын құрайды. Екінші компонентті 9,4 млн адам қабылдады, бұл екпе алуға тиісті халықтың 78,5%-ы және республика халқының 49,9%-ы», – деді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері ел арасында ревакцинация деңгейінің өсуі байқалып отыр.

«Бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды. Ұжымдық иммунитеттің қазіргі деңгейін сақтау үшін ревакцинация деңгейін төмендетпеуіміз қажет», – деді Ажар Ғиният.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<