Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды – Президент

665

0

Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына адалдығын сақтайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1945 жылы 24 қазанда, яғни 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт Қырғи-қабақ соғыс кезінде және жалпы құбылмалы кезеңде өз тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, әмбебап ұйымның ұзақмерзімді мақсаттарына адалдығын сақтайды», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<