Қазақстан халқы 1,3 пайызға өсті

582

0

Қазақстанда халық саны 18767,5 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 тамызға еліміздегі халық саны 18767,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 11049,0 мың (58,9%), ауылдықтар –7718,5мың адамды (41,1%) құрады.

2019 жылғы 1 тамызбен салыстырғанда халық саны 238,6 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы (64,2 мың адам), Нұр-Сұлтан (52,0 мың адам) және Шымкент (30,6 мың адам) қалаларында қалыптасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<