Байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президентке айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бағдат Мусин Мемлекет басшысына қазақстандық «KazSat» байланыс серігінің жүйесін дамыту жөнінде баяндады. Атап айтқанда инновациялық шешімдердің пайдасы үшін, соның ішінде байланыс серіктерінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты «KazSat-2R» жобасын тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл бюджеттің миллиардтаған теңге қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<