Қазақстан мен Германия президенттері Тет-а-тет форматында келіссөз жүргізді

2517

0

Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізіп, қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Бұл туралы Nur.kz ақпараттық агенттігі хабарлады Ақорда Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылған. Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілген. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан. Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Тет-а-тет форматындағы келіссөздер достық рухында өткен және конструктивті әрі мазмұнды болған.

Кездесу соңында екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Айта кетейік, кеше, 19 маусымда Германияның федералды президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<