Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта жемісті дамып келеді

578

0

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта жемісті дамып келеді. Бұл туралы Ақордада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды kazinform.

«Қазір ғана ынтымақтастығымыздың барлық дерлік мәселелері бойынша тыңғылықты келіссөз өтіп, бірлескен жұмыста өзара түсіністікке қол жеткізілді. Жұмыс өте көп. Дегенмен, түсінуімше біз конструктивке ниеттіміз. Бұл жұмыста ізденген нәтиженің оң боларына ешқандай күмән жоқ. Бұл бұрын да солай болған. Бұрындары да Үкімет деңгейінде немесе одан да жоғары Мемлекет басшылары деңгейінде шұғыл шешуде талап ететін мәселелер болып тұрды. Және де олар сөзсіз шешімін тапты», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің сапары екі елдің арасында 2013 жылдың 11 қарашасында қол қойылған 21 ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы келісімшарттың 10 жылдығы қарсаңында орын алғандығына назар аудартты.

«Біздің пайымымызша, бұл іргелі құжат. Онда негізі қаланған қарым-қатынастың ұзақмерзімді ұстанымдары іс-әрекеттің нақты бағдарламасына айналып, өмірде шынайы жүзеге асырылды. Бүгінде екіжақты ынтымақтастық барлық бағытта, стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында жемісті дамып келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<