Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі туралы

525

0

Фото: Автордан

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілді.

Кодексте мемлекеттік қызметкерлердің әдеп сақтаудағы жалпы түсініктері айқындалып, мінез-құлық стандарттары, оның ішінде қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, қызметтен тыс уақыттағы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде пікір білдіру кезінде әдептілік мінез-құлық стандарттары айқындалған.

Әдеп кодексінің басты міндеті – мемлекеттік қызметте қызметтік әдеп нормаларын сақтау, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шараларды әзірлеу, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру болып табылады.

Әдеп кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленіп, жалпы қабылданған іскерлік, әдепті мінез-құлық талаптарына сай болып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару институттарының беделін нығайтуға ықпал етуі тиіс. Қызметтен тыс уақытта қоғамдық орындарда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстанып, адамның қадір-қасиетіне және қоғамдағы адамгершілік принциптарына, жеке тұлғалардың ар-намысына нұқсан келтіретін жағдайларға мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол берілмеуі керек.

Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті мен аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларының қызметкерлері арасында Әдеп нормаларын сақтау бойынша кеңестер, оқыту сабақтары үнемі өткізіліп тұрады. Қазіргі күнге департамент және аудандық, қалалық қазынашылық басқармаларының мемлекеттік қызметкерлері арасында Әдеп кодексіне қайшы келетін теріс қылық жасау жағдайлары орын алған жоқ.

Қанат Мырза,

Қызылорда облысы бойынша

Қазынашылық департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<