Қазақстан түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестиваліне қатысып жатыр

351

0

Бакуде түркі әлемінің «Қорқыт ата» III кинофестивалі өтіп жатыр. Kazinform бұл туралы АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Кинофестиваль аясында түркі мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен саммит өтті. Оған ТЮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, Қазақстан, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанның құзырлы министрліктерінің ресми тұлғалары, кино қайраткерлері қатысты.

Фестиваль мақсаты – түркі әлемі бірлігі мен түркі халықтарының арасындағы мәдени ынтымақтастықты дамыту.

Киногерлер назарына бірқатар фильм ұсынылды. Олардың арасында «113 күн», «2602 жобасы», «Қайдан келдің, тырна?», «Мәрмәрдай суық», «Ағайынды Нобельдер», «София», «Гюльмира» және тағы басқа картиналар бар.

2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан фестиваль алғашқы жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында, былтыр Бурсада өтті.

Биыл кинематографтарды Әзербайжан астанасы қабылдап жатыр. Оны Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігі, Гейдар Алиев орталығы, ТЮРКСОЙ, Әзербайжан Республикасы Кино агенттігі мен Баку медиа орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<