Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды

1202

0

Статистика комитеті елімізде халық саны 18 852,8-ге жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандағы демографиялық ахуал жылдан-жылға жақсарып келеді. Оның дәлелі – Қазақстанда 33 жыл бойы міз бақпай тұрған рекорд жаңарды. Себебі 1987 жылы елімізде 417 мың сәби дүниеге келсе, ал 2020 жылы 420 мыңы өмірге келген.

Айта кетейік, жуырда өткен Парламент сайлауы кезінде нәрестелердің туу көрсеткіші барлық өңірде айтарлықтай өскенін байқатты. Олардың қатарында бір күннің ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 69, Алматы облысында – 94, Түркістан облысында – 135  және Маңғыстау облысында 49 шақалақ туған.

Айта кетерлігі, елордадағы 69 нәрестенің 34-і қыз бала, 35-і ер бала екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<