Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме – статистика

664

0

Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросы жаңа мәлімет жариялады

Ұлттық статистика бюросының 2023 жылдың 14 қарашасындағы мәліметі бойынша Қазақстан халқының саны 20 миллион адам болды, деп хабарлады turkystan.kz sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бұл бес нәресте Атырау, Ақмола, Жетісу, Түркістан, Ұлытау облыстарында дүниеге келді. Олар – 3 ұл және 2 қыз.

Статистика мамандары тамыз айында Қазақстан халқының 51,2%-ын әйелдер құрағанын мәлімдеді – олардың нақты саны 10 183 785 болған. Қалған 48,8% немесе 9 715 592 азамат – ер адамдар.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда бизнестегі әйелдер шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс орындарының 31%-ын және Қазақстанның ЖІӨ-нің 14,6%-ын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте банк Қазақстанда әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігінің тұрақты деңгейін сақтап отырғанын мәлімдеді.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикада 4,3 миллион әйел жұмыспен қамтылғанын, бұл жалпы жұмыспен қамтылған халықтың 48%-ын құрайтынын анықтады. Әйелдердің 35%-ы сауда және қызмет көрсету салаларында, 32%-ы білім, денсаулық сақтау және ғылым салаларында, 14%-ы өнеркәсіп, құрылыс және көлік салаларында, 9%-дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<