Үкімет басшысы Олжас Бектенов алғашқы атом электр стансасын салатын өңір туралы қаулыға қол қойды деп хабарлайды syrboyi.kz сайты KAZINFORM ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңы 5-бабының 2-тармақшасына және 12-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын» делінген қаулыда.
Қаулы ресми жарияланған күні, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізілді.
Еске сала кетейік, премьер-министр АЭС салуда экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екенін айтқан еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<