Қазақстанда ажырасудан қай өңір көш бастап тұр?

1092

0

Фото:angliya.com

Ұлттық статистика бюросы бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқанын хабарлады. Бұл статистика 2021 жылмен салыстырғанда 7,7% аз деп хабарлады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz хабарлауынша 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген.

Ажырасуларға келсек, 2021 жылмен салыстырғанда бұзылған некелер саны 7,7% азайған. Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

Олардың ішінде 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді.

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<