Қазақстанда ең көп сатылатын пәтерлер 2 бөлмелі

407

0

Фото: Pixabay

Көпқабатты үйлердегі пәтер саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бұл жайында ұлттық статбюро хабарлады, деп хабарлайды Қазақпарат.

2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйдегі мәміле саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайды.

2024 жылдың ақпан айында пәтер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды, бұл жалпы мәміле санының 80,3%.

Бөлме саны бойынша 2 бөлмелі пәтер сатылымы басым болды, 2024 жылдың ақпанында осындай 9 167 мәміле ресімделген.

2024 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда, ақпанда жеке тұрғын үйлер бойынша тұрақтылық байқалады, мәміле саны 0,8% немесе 51 мәмілеге азайды. 

Ақпанда барлығы 6 017 мәміле тіркелді. Сонымен қоса, азаю еліміздің барлық аймағында байқалды.

Ең жоғары өсім Астана (+65,7%), Алматы (+14,1%) қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында (+9,4%) байқалды.

Ал бір айдағы ең үлкен құлдырау Абай (-23,7%), Солтүстік Қазақстан (-10,8%) және Түркістан (-9,8%) облыстарында болды.

2024 жылғы ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесі былтырғы ақпанмен салыстырғанда 26,6% көбейген, ол кезде 24 118 мәміле ресімделген болатын. 

Оң көрсеткіш Ұлытау және Маңғыстау облыстарынан басқа елдің барлық аймағында тіркелді, ондағы азаю сәйкесінше 18,3% және 8,7%.

Павлодар облысында ұлғаюдың ең үлкен көрсеткіші (75,4%) тіркелді.

2024 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санының 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы мәміле санымен салыстырғанда 28,6% оң динамика байқалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<