Қазақстанда мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығыны тағы да өтеле ме?

803

0

Қазақстанда карантин кезіндегідей мұқтаж отбасылардың коммуналдық шығындары тағы да өтеле ме? Бұл сұраққа Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл сұрақтың жауабы салалық мемлекеттік органдардың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, әкімдіктердің бірлескен шешіміне байланысты айқындалады», – деді комитет басшысы ОКҚ-да тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Спикер сонымен қатар осы жылдың көктемінде халықтың бір бөлігінің коммуналдық шығыны өтелгенін еске салды.

«Коммуналдық шығынын өтей алмаған әр адамның дербес шотына 15 мың теңгеден аударылды. Бәлкім бұл мәселе еліміздің басым өңірлерінде төтенше жағдай режимі мен карантин енгізілгенде өзекті бола түсуі мүмкін», – деді Асан Дарбаев.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<