Қазақстанда отандық білім берудің көшбасшыларына арналған жаңа алаң құрылды

421

0

Фото: НИШ

Қазақстандық білім беруде мектеп басшылары алғаш рет арнайы өздеріне және олардың кәсіби дамуы мен көшбасшылығына арналған тақырыптық форумда бас қосты. NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Астанада төрт жүзден астам директорды біріктірді, алты жүзден астам директор еліміздің барлық өңірлерінен онлайн қосылды. Екі күн бойы олар табысқа жету стратегиясында жеке және командалық басымдықтарды анықтады.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» кадрлық резервті дайындау жөніндегі президенттік бағдарламаның алғашқы түлектері халықаралық интенсивтің негізгі делегаттары атанды. Олардың барлығы Педагогикалық шеберлік орталығында оқуларын аяқтап, мамандыққа жаңа қадам жасауға дайын.

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин интенсивтің ашылу салтанатында президенттік кадрлық резервті дайындау бойынша ауқымды бағдарламаның бірегейлігін ерекше атап өтті.

Бағдарлама отандық білім берудің топ-менеджерлеріне арналған ең өзекті және креативті форматтарды қамтиды: «Қалай табысқа жетуге болады?» кейс-сессиялары, эмоционалды құзыреттілік бойынша креативті практикум, мектептегі Talent-Management бойынша «Мұғалімдерді шабыттандырамыз» форсайт-сессиясы, ата-аналар, оқушылар және мектеп басшыларына арналған ұжымдық дискуссия, «Цифрлық менеджментке арналған құралдар» Digital-сессия және басқалары.

Шетелдік тәжірибелерді «360-мектептің» тең директоры, британдық білім беруді зерттеу қауымдастығы кеңесінің мүшесі Сара Селезнев, Таллин ғылыми мектебінің басшысы, Эстония мұғалімдері одағының төрағасы Мэдис Сомэлар, Сингапурдағы Арбингер институтының қауымдастырылған кеңесшісі Сарас Менон таныстырды. Олардың барлығы жаһандық педагогикадағы стратегиялық және жұмыс алгоритмдері бір екенін және көшбасшылардың негізгі бағдары көп жағдайда ұлттық білім беру жүйесіне емес, көшбасшылардың жеке стандарттарына байланысты екенін растады.

Интенсивте қазіргі білім беру жағдайындағы мектеп басшыларының көшбасшылық трансформациясын, отандық және шетелдік әріптестерімнің мектеп басқарудағы тәжірибелерінің басты құндылықтарын білдім. Өз кезегінде бұл мәселелер өзектілігін жоймайды және жылдам, өзгермелі қоғам жағдайында трендтердің бірі болып болып қала береді. Бұл тәжірибе менің кәсіби еңбек жолымда өз пайдасын тигізетініне сенімдімін және алдағы басшылық қызметте қолданамын деп ойлаймын, – дейді Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №202 З.Жарқынбаев атындағы орта мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ерсұрат Каналхан.

«Білім берудегі көшбасшы бағдары» – Педагогикалық шеберлік орталығының мектеп басшыларының кадр резервін дайындау және мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттырудағы ауқымды жұмысының қисынды жалғасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<