Қазақстанда қашан 5G қолжетімді болады? Министрлік жауабы

738

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда 5G қашан қолжетімді болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Біз 5G технологиясын енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында, 2023-2024 жылдары – облыс орталықтарында іске қосылады деп жоспарлап отырмыз. Ауылға 5G тартылмайды», – деді Оразбек Мәжіліс отырысында.