Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

2583

0

Фото: ашық дереккөз

Соңғы 2 айда елімізде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қосымша иммундау шеңберінде вакциналауға жататын адамдардың 92% екпе алған.

«Бұл ретте қызылшамен сырқаттанғандарды тіркеу әлі де жалғасуда. Осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпенің болуын қадағалауы қажет. Вакциналау болмаған жағдайда тіркелген жері бойынша емханада вакцина алуды ұсынамыз», – деп жазды министрлік.

Сонымен бірге, ведомство қызылшаның энцефалит (мидың қабынуы), өкпенің қабынуы, отит (құлақтың қабынуы) секілді асқынуларға әкеп соғатын қаупін еске салды.

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсайды: дене қызуы көтеріледі, жөтел және аурудың 4-5 күндері бөртпе пайда болады.

«Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді құралы – уақытылы вакциналау. Екпе 1-6 жас аралығындағы балаларға жүргізіледі. Вакциналау арқылы балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғай аласыз. Қазақстанда қызылшаға қарсы ДДСҰ сертификаттаған қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде вакцинадан кейінгі қолайсыз жағдайлар тіркелмеген», – дейді министрлік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<