Қазақстанда тәртіп сақшылары тұрғын үй жалдау үшін өтемақы ала бастады

551

0

1 сәуірден бері ішкі істер органдарының қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін ала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Оның мәліметінше, 2020 жылдың 29 қазанында өткен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары қызметкерлерінің қаржылық жағдайын 2023 жылға дейін кезең-кезеңмен 30 пайызға саралай арттырып, сала өкілдеріне әскери қызметшілер сияқты тұрғын үй жалдау үшін өтемақы төлеу мәселесін жолға қоюды тапсырған болатын.

Берік Уәлидің мәліметі бойынша, тұрғын үй өтемақысына қатысты тапсырма биыл бірінші сәуірде толығымен орындалған.

«Биылғы 1 сәуірден бастап ІІО қызметкерлерлері Қоғаныс министрлігінің әскери қызметшілері сияқты тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы», – деді Берік Уәли.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<