Қазақстанда телевизия мен радио бір күнге өшіріледі

630

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда сенбіде, 23 желтоқсанда телевизия мен радиодан хабар тарату бір күнге жуық уақыт үзіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қазтелерадио» АҚ хабарына қарағанда, 23 желтоқсанда сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласы уақыты бойынша) «Қазмедиаорталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау аясында барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарланған. Сондай-ақ «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырып, профилактикалық жұмыс жүргізетіні айтылады. «Осыған байланысты аталған уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-радиоарналарды тарату тоқтайтыны туралы хабардар етеміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарда.

Айта кетейік, «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы, сайттағы ақпаратқа сәйкес, республика халқын эфирлік және спутниктік желілер арқылы теледидар және радио хабарларын тарату бағдарламаларын қабылдаумен қамтамасыз ететін ҚР телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<