Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинациялау мерзімінен бұрын басталады

746

0

Қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцина салу әдеттегі мерзімінен екі апта ерте салына бастайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы вакцина салына бастайды. Ол әдеттегі мерзімнен екі апта ерте. Бұл азаматтарда ЖРВИ кезеңінде тұмауға қарсы иммунитет қалыптасуы үшін жасалады», – дейді Қожахметов ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, вирусқа қарсы вакцина арқылы 6-12 ай аралығына иммунитет қалыптасады. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<