Қазақстанда жаңа кәсіби мереке пайда болды

197

0

Фото: ашық дереккөз

1 қазан — Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні. Еңбек министрлігінің 11 маусымдағы бұйрығымен кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.

Жоғары білім саласы — ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде дамуына айрықша әсер ететін қозғаушы күш.

Бұл ретте оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өту білім ортасын қалыптастырудағы, ғылымды дамытудағы маңызын атап өтіп, жоғары білім саласындағы мамандардың беделін көтеруге ықпал етеді.

Бұл кәсіби мереке сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласын нығайтуда және оның қызметкерлерінің елдің қоғамдық дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесін мойындауда маңызды рөл атқармақ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<