Қазақстандағы АҚШ елшісі Аралға барды

441

0

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі АҚШ Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюм және USAID Халықаралық даму агенттігі өңірлік миссия директорының орынбасары Моник Мосольфпен Арал теңізінің құрғаған табанына іс-сапармен барып қайтты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Әлемдік қауымдастық Арал теңізінің тартылуын адамзат тарихындағы экологиялық дағдарыстың бірі ретінде бағалады. Құрғаған теңіздің зардабы тек өңірге немесе бір елге ғана емес, барша әлемге тиюде. Осы іссапарда Аралдың қазіргі жағдайымен және атқарылған жұмыстармен арнайы танысты», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2021-2023 жылдары USAID Халықаралық даму агенттігінің «Oasis» жобасы шеңберінде Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы экожүйені қалпына келтіру мақсатында 150 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіліп, көшеттер отырғызылды, 500 метр тереңдікте су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы 2021-2025 жылдар аралығында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы 1,1 млн. гектарға сексеуіл екпелерін егуді тапсырған болатын. Биыл 276,2 мың гектар аумақта осы бағыттағы жұмыстар жоспарланған. Қазір 65 мың гектар ұлтанға 19,4 млн. сексеуіл көшеті отырғызылды, алдағы жылы 280 мың гектар алқапқа егіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<