Қазақстандық 12 оқушы Менделеев олимпиадасында жүлдегер болды

903

0

Астанада химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрама командасы екі күміс және 10 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күміс медаль иегерлері – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Әлихан Смет және Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы Инсар Имаш.

Қола жүлдегерлер тізімі мынадай:

Бекболат Мамырбеков – Шығыс-Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Шәкір Жақсылық– Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек – мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;

Кирилл Ким – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Әліби Мұғалім – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Айбол Оразалин – Алматы қаласының мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы;

Әділжан Молдағұл – Маңғыстау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы;

Ринат Илюсизов – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;

Асанәлі Қали – Қостанай облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Сондай-ақ «Теориялық турдағы үздік шешім»номинациясы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің арнайы сыйлығымен астаналық Әлихан Смет марапатталды.

Олимпиада жеңімпаздарына еліміздің бес жетекші отандық жоғары оқу орнынан 17 грант бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, химия пәнінен оқушылардың 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына 21 елден 116 оқушы қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<