Қазақстандық банк 50 мың теңгеден таратып жатыр: Банк өкілдері жауап берді

627

0

Фото: ашық дереккөз

Telegram-дағы арналардың бірінде Halyk Bank-тен 50 мың теңге берілетіні жөнінде хабарлама жарияланды. Банк өкілдері бұл хабарламаларды алаяқтар таратып жатқанын мәлімдеді, деп жазады StopFake.kz.

Мақала авторларының жазуынша, Telegram-да тараған ақпаратқа сәйкес, пайдаланушыға Halyk Bank-тен 50 мың теңгеден төлем жасалады. Акция бірнеше аптаға жалғасады және қолма-қол ақшаны алу үшін сілтемеге кіру керек. Алайда Halyk Bank-тің ресми сайтында төлемдер туралы ақпарат жоқ. Банктің Instagram-дағы және Facebook-тегі ресми парақшаларында да тиісті ақпарат жарияланбаған. «Бұл –алаяқтардың ісі. Сақ болып, карта деректерін, СМС-кодтарды және басқа да құпия ақпаратты айтпаңыз. Алаяқтар өздерін әртүрлі банктердің өкілі ретінде таныстырады», – деп хабарлады банктің клиенттерді қолдау қызметінің мамандары.

Сондай -ақ жарнамада ұсынылған сілтеме белгісіз сайтқа апаратыны айтылған. «Бұл – фишингтік сілтеме. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардың құпия ақпаратына қол жеткізеді. Олар жеке аккаунттардың, мобильді банкингтің логиндері мен парольдерін және т.б. біліп алады», – дейді фактчекерлер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<