Қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды

1334

0

Фото: ашық дереккөз

БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде танымал боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тарады.

Алматы қалалық полиция департаменті агенттік тілшісінің сауалына орай, қылмыстық іс қозғалғанын растады. Бірақ айыпталушының жеке басына қатысты мәліметті нақтыламады. 

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – делінген ведомство ұсынған хабарламада. 

Айта кетейік, 33 жастағы Жаңқош Тұраров – кәсіби боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы. 

28 қыркүйекте Алматыда өтетін AllStarsBoxing кешінде Жаңқош Тұраров IBO WORLD және WBA WORLD GOLD әлем титулдарын қорғайтыны жоспарланған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<