Грек-рим күресінің шеберлері Алпамыс Болатұлы мен Еркебұлан Анапия Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
55 кг салмақта сынға түсіп жатқан Алпамыс Болатұлы алғашқы белдесуінде жапон балуаны Юки Хирохасиді 8:0 есебімен жеңді. Кейін ол ширек финалда ирандық Амирали Тайеб Хейдариді 10:1 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда қазақ балуаны армениялық Юрик Мхитарияннан басым түсіп, финалға өтті. Ол ақтық сында америкалық Джейден Скотт Рэйнимен күреседі.
Еркебұлан Анапия 80 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр. Ол 1/8 финалда украиналық Владислав Солодчукты 11:0 есебімен жеңсе, ширек финалда молдовалық Никита Апостолға мықтылығын дәлелдеде (8:0).
Ал жартылай финалда әзербайжандық Орхан Хажиевтің жауырынын жерге тигізіп (8:6), финалға өтті. Еркебұланның ақтық белдесудеге қарсыласы –нейтралды ту астында өнер көрсететін Михаил Шкарин.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық балуан Едіге Төлеутаев (48 кг) қола медаль үшін күреседі. Ол жартылай финалда ирандық балуанға жол берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<