Қазақстандық футболшы Еуропалық клубтың үздік ойыншысы атанды

858

0

«Лори» армян футбол клубында ойнайтын қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский өз командасының үздік ойыншысы атанды.

Мәселен, мұндай қорытынды Армения чемпионаты аясындағы «Лори» – «Арарат-Армения» (0:1) матчынан кейін шығарылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Рудосельский алаңда 81 минут болған. Осы уақыт ішінде қорғаныста жеңіске жеткен «жекпе-жектердің» (80%), дәл пастардың (88%) ең жақсы пайызын көрсете алды, сонымен қатар допты 7 рет қағып әкеткен. Қазақстандықтың индексі 244-ті құрады, бұл «Лори» ойыншылары арасындағы ең үздік нәтиже болды.

Instat Index нұсқасы бойынша, «Арарат-Арменияға» қарсы матчтан кейінгі «Лоридің» үздік бес ойыншысы:

1. Тимур Рудосельский – 244;

Джими Алексис – 240;

3. Нана Антши – 233;

4. Арам Кочарян – 229;

5. Павел Осипов – 208.

Қазіргі уақытта «Лори» Армения чемпионатында 13 ұпаймен бесінші орында тұр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<