Қазақстандық кәсіпкер Корея президентінің сыйлығын иеленді

565

0

Фото: ашық дереккөз

Онда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, шетелдіктерге әлдеқайда қиын

Қазақстандық кәсіпкер Оңтүстік Корея президентінің сыйлығына ие болды. Жүлдені президент Юн Сок Ель атынан Дмитрий Лиге Инчхон қаласының мэрі табыстады, деп хабарлады turkystan.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қазақстан азаматы басқарып отырған компания бір жыл ішінде 30 миллион доллардың тауарын экспорттап, жергілікті биліктің ерекше ықыласына бөленген.

Дмитрий Ли Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға 2019 жылы көшіп барған. Бастапқыда жүргізуші болып жұмыс істеп, кейін көлік экспортымен айналысатын компания құрған. Кореяға көшкенге дейін жерлесіміз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. KAZAKH-TV арнасында ағылшын тілінде жаңалықтар жүргізген.

Ал автокөлік экспорттаушы компанияның басшысы Дмитрий Лидің айтуынша, онда жергілікті кәсіпкерлермен салыстырғанда, шетелдіктерге әлдеқайда қиын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<