Қазақстандық киберспортшылар бас жүлдеге ие болды

592

0

Қазақстан құрамасы киберспорттан Бали аралында (Индонезия) өткен «PUBG MOBILE» чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан киберспорт федерациясына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеде қазақстандық Дамир Омаров, Бақытжан Елменбет, Данияр Қонақбай мен Арман Чамани әлем чемпионы атанды.

«Qazaq Cybersport Federation» командасы жасақталды. Осы құраммен Азиялық іріктеу кезеңіне қатысып, оны жеңіп алдық. Нәтижесінде біздің команда Балидегі әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. Чемпионат 1-10 желтоқсан аралығында өтті. Оған әлемнің 106 елінен жиналған киберспортшылар қатысты. Біздің жеңіске жеткенімізді бүгін жариялады. Бұл – біздің мұндай ауқымды турнирдегі бірінші жеңісіміз. Нақты айтсақ, бұл – Қазақстан құрамасының «PUBG MOBILE»-дегі алғашқы жеңісі, –

деді «Qazaq Cybersport» федерациясының атқарушы директоры Қазбек Жанғазиев.

15 финалдық матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 193 ұпаймен турнир рейтингінде көш бастады. Осылайша, еліміздің киберспортшылары 6 алтын медальді қанжығалап, сайыстың бас жүлдесі – 50 мың долларды ұтып алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<