Қазақстандық Мәжіліс депутаты өмірден өтті

718

0

Парламент Мәжілісінің депутаты, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы Глеб Щегельский өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайға байланысты Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин марқұмның отбасына, тауыс-туғандары мен жақындарына көңіл айтты.

«Глеб Анатольевич Щегельскийдің мезгілсіз дүниеден өткені туралы қазалы хабар ауыр тиді. Ол адамгершілік және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін, өте сезімтал, елгезек және аса жауапты жан еді. Қазақстанның шынайы патриоты болатын. Әлбетте, Глеб Анатольевич Қазақстан заңнама базасын жетілдіруге өте қомақты үлес қосты. Біз заң жобаларымен жұмыс істегенде де, басқа да өзекті тақырыптар жайлы сөйлескенде де өте көп мәселелерді талқылайтынбыз. Соның бәрінде ол тақырыпқа жан-тәнімен кірісіп, жұмысқа адалдығымен ерекшеленетін еді. Ол үшін елінің және қоғамның мүддесі бәрінен жоғары тұратын. Осындай қиын сәтте марқұмның жақындарына бүкіл депутаттық корпус пен өз атымнан қайғырып көңіл айтамын. Ол кісілерге қолдау көрсетіп, жылы сөзімді жеткізгім келеді. Керемет адам, сенімді әріптес, ниеттес дос, депутат Глеб Анатольевич Щегельскийдің жарқын бейнесі мәңгі жадымызда жаңғырып тұрады» деп атап өтті Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Мәжілістің V және VI шақырылымының депутаты Глеб Щегельский бүгін жүрек талмасынан мезгілсіз қайтыс болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<