Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

276

0

Фото: ашық дереккөз

19 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 605 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,1. Магнитудасы MPV 4.7.

Эпицентр координаттары – 41.98 с.е., 84.08 ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<