Қазақстандық спортшылар Испанияда жеңіске жетті

974

0

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.

Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.

Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді.

Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионы болғанын жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<