Қазақстандық такси жүргізушілеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндеттелмейтін болды

302

0

Фото: ашық дереккөз

Электронды үкімет порталында Жаңа салық кодексінің жобасы жарияланды. Онда қоданыстағы заңға бірқатар жаңа режимдер қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа режим бойынша бұдан былай такси жүргізушілеріне жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Бұл заң алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 

Осы уақытқа дейін таксистерге жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, банктен арнайы кәсіпкерлік шот ашып, жұмыс істеу міндеттелген еді.

Ұлттық экономика вице-министрі Амрин Азамат такси жүргізушілері ең төменгі 4 пайыздық бірыңғай төлем жасап, өзін-өзін жұмыспен қамтығандар санатында қызметін көрсете алатынын хабарлады.

«Бірыңғай төлемге міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру жарналары кіреді. Бұл режимде табыс айына 1,25 миллион теңгеден аспауға тиіс», – деді ол.

Дегенмен бұл өзгеріс барлық такси жүргізушілеріне арналмаған. Аталған режимде жұмыс істеу үшін айлық есептік көрсеткішіңіз 340-тан аспауға тиіс. Бұл бір миллион екі жүз елу мың теңгеге тең.

Сондай-ақ такси жүргізушілерінің жолаушылардан қолма-қол ақшасыз төлемді қабылдаудан бас тартуы заңсыз екенін еске саламыз. Өйткені бұл тұтынушылардың құқықтарын бұзу болып саналады. Егер такси жүргізушісі салық төлегісі келмей, оның қызметіне қолма-қол ақша төлеуді сұраса, оған бірінші рет ескерту, екінші ретте 15-тен 50 АЕК-ке дейін (55 380 теңге немесе 184 600 теңге) айыппұл салынады. Дәл осындай жаза бақылау кассалық машиналарды пайдаланбайтын және сатып алушыға чек бермейтін кәсіпкерлерге де қолданылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<