Қазақстандық тауар өндірушілерге 30%-дық міндетті аванс төленеді

220

0

Фото: ашық дереккөз

Қаржы министрі Мәди Тәкиев Үкімет отырысында Мемлекеттік сатып алу қағидаттарына енгізілген өзгерістердің отандық өндірісті қолдауға тигізетін септігі туралы мәлімет берді. 

«Қолданыстағы мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы қағидаларына өзгерістер енгізілді. Онда мыналар көзделеді:
– тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді басымдықпен отандық тауар өндірушілер тізіліміндегі өнім берушілерден сатып алу;
– отандық тауар өндірушіге 30% мөлшерінде міндетті аванс төленеді, бұл біздің өнім берушілерге шарттық міндеттемелерді уақтылы және тиісінше орындауға мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол айыппұлдарды азайту жағында да оң өзгеріс бар екенін айтты.

«Отандық тауар өндірушілер үшін тұрақсыздық айыбын 10%-дан 3%-ға дейін төмендету жолға қойылды. Бұл да елеулі қолдау шарасы болып есептеледі. Квазимемлекеттік сектордың сатып алуларында оффтейк-келісімшарттарды бір көзден сатып алу тәсілі арқылы іске асыру көзделіп отыр. Аталған шаралар отандық өндірісті ынталандыруға және реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Мәди Тәкиев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<