Қазақстандықтар Республика күніне орай үш күн демалады

374

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар 25 қазандағы Республика күніне орай үш күн қатарынан демалады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Себебі биыл Республика күні жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Атап айтсақ, 25 қазан, жұма – Республика күні, ресми демалыс, 26 қазан, сенбі – әдеттегі демалыс, 27 қазан, жексенбі – әдеттегі демалыс.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер қосымша демалыс күнін пайдалана алады. Бірақ 26 қазан жұмыс істейді.

Айта кетейік, Республика күні мерекесіне орай демалыс 2022 жылдан бастап ресми беріліп келеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<