Қазақстандықтар үйленуге асықпайды: Әсіресе Түркістан облысында неке саны айтарлықтай азайды

340

0

Фото: Pixabay

Былтыр елімізде неке мен ажырасу саны азайды. Ұлттық статбюро осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

 2023 жылдың 12 айында 120 мың неке тіркелді.

2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9% төмендеді.

Неке коэффициенті 1000 адамға 6,07 құрады.

Сондай-ақ осы кезеңде 16,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімін есепке алмағандағы АХАТ органдарының деректері бойынша).

Бұл да 2022 жылғы деңгейден 5,3% аз.

Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,84 құрады.

Бірінші кредит бюросының мәліметінше, 120 мың неке — соңғы 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш. 

Құлдырау Ұлытаудан өзге бүкіл облыста тіркелген. 

Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жаңа некенің саны 1,5 мыңға азайған.

Бұл жалпы көрсеткішке айтарлықтай әсер етті. Бүкіл құлдыраудан 20 пайыз осы өңірге тиесілі.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<